Дәрігер коронавирус жұқтырған науқастар үшін ең қауіпті күнді атады

Дәрігер коронавирус жұқтырған науқастар үшін ең қауіпті күнді атады

Дәрігер коронавирус жұқтырған науқастар үшін ең қауіпті күнді атады
ашық дереккөзі
237
Әдетте коронавирусқа шалдыққан науқастар алғашқы аптада індетті жеңіл немесе орташа жағдайда өткереді. Ал аурудың асқынуы, нақтырақ айтқанда Цитокин дауылы 9-10-күні басталады. Бұл туралы lb.ua-ға берген сұхбатында харьковтық  дәрігер Андрей Пеньков айтты. «Цитокин дауылы алғашқы апта өткеннен кейін басталады – науқасты ауруханаға дәл осы мерзімде жатқызу керек. Аурудың 9-10-күні демікпе басталып, жедел респираторды дистресс-синдром басталады. Бұл бактериалды процестер емес, иммундық жүйенің гиперреакциясы», - дейді дәрігер. Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ғалымдары коронавирус індетінің жаңа қауіпті симптомын анықтаған болатын.  Зерттеу қорытындысы бойынша 10 адамның 8-інен неврологиялық ауытқулар, атап айтқанда энцефалопатия анықталған. Энцефалопатия – тіндердің өзгеруі арқылы ми функцияларының бұзылуына соқтыруы мүмкін мидың ауруы. Ғалымдардың сөзінше, бұл дерт коронавирустың ең ауыр неврологиялық көрінісі.

Серіктес жаңалықтары