5297
Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы өтті
Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы өтті
Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы онлайн режимде өтті
Комиссияны Қазақстан жақтан Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Моңғолия жақтан Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аюушиин Ариунзаяа басқарды.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың болашағы, сондай-ақ ауыл шаруашылық, инвестиция, кәсіпкерлік, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, стандарттау және метрология, мәдениет, спорт, туризм, білім беру салаларындағы ынтымақтастық бағыттары және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Ынтымақтастық арқылы жүзеге асатын шаралардың Баян-Өлгейдегі қандастарға тиімді тұстары да көп болмақ.
Үкіметаралық комиссияның келесі отырысы 2022 жылы Ұлан-Батырда өткізіледі.