Тұтқындар көзі мен ауызын тікті: жаға ұстатар видеодан соң колония тексеріліп жатыр

Тұтқындар көзі мен ауызын тікті: жаға ұстатар видеодан соң колония тексеріліп жатыр

Тұтқындар көзі мен ауызын тікті: жаға ұстатар видеодан соң колония тексеріліп жатыр
ашық дереккөзі
316
Әлеуметтік желілерде Жезқазған қаласының АК-159/25 тұтқындары көз-ауыздарын тігіп, колония басшылығының әлімжеттігі мен жәбірі туралы айтқан видео тарап кетті. https://youtu.be/6DFDyisbyPE Сотталғандардың бейнеүндеулері YouTube сайтында да жарияланды. Тұтқындар АК-159/25 әкімшілігі тарапынан оларға қолданылған азаптаулар туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, видеода ерлердің көздері мен ауыздары тігілгені байқалады. Сонымен қатар тұтқындар камераға есірткі мен смартфондарды көрсеткен. Оларды колония қызметкерлері мен басшылығының ауызбастырық ретінде бергені айтылады. Аталған роликтер желіде пайда болғаннан кейін Жезқазған колониясындағы жағдайға Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі түсініктеме берді. ҚАЖД мәліметтері бойынша, тұтқындардың үшеуі де аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АК-159/25 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары