Бұқтырма су қоймасындағы арал сатылымға қойылды

Бұқтырма су қоймасындағы арал сатылымға қойылды

Бұқтырма су қоймасындағы арал сатылымға қойылды
ашық дереккөзі
357
Шығыс Қазақстан облысындағы арал сатылымға шықты. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Арал иесі жерді 1,5 миллиард теңгеге бағалап отыр, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі. Сонымен қатар, арал орналасқан аймақта шамамен 100 туристік база бар және аралдың өзі де туризмді дамытуға қолайлы. Жекеменшік аралдың және жердің сатылатыны туралы деректі жергілікті әкімшілік тексерген. Осыған қатысты Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байқонысов пікір білдірді.
«Ол 1998 жылы болған. Қаз аралы сол кездегі қолданыстағы жер заңына байланысты, ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында сатып алынған. Артынша арал иесінің қалауы бойынша және экономикалық соттың шешімі бойынша, учаскенің қолдану мақсаты өзгертілді. Ол тауарлық жерлер санатына ауыстырылып, ЖШС құрылды. Арал иесі бәрін сәйкестендірді. Бүгінде учаске жеке меншікте, жер тауарлық өндіріс үшін ауыл шаруашылығына сәйкес келеді», — дейді аудан әкімі.
Ол аралдың сатылатыны туралы хабардар.

Серіктес жаңалықтары