Павлодарда жаңажылдық шыршаға 16 миллион теңге жұмсалмақ

Павлодарда жаңажылдық шыршаға 16 миллион теңге жұмсалмақ

Павлодарда жаңажылдық шыршаға 16 миллион теңге жұмсалмақ
ашық дереккөзі
5183
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының басшысы Әбілқайыр Сқақов көптеген сұрақтарға жауап берді.

"Жаңажылдық шыршаны бұрынғы орнына орнататын боламыз. Қосымша қаражат бұрынғыдай бөлінеді. Менің мәліметім бойынша, ол 16 миллион теңгенің көлемінде. Басқа меркелік шаралар эпидемиялық ахуалға байланысты тиісінше өтетін болады. Әрине, онлайн форматта", - деп жауап берді өңір басшысы. 

Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері үшін Жаңа жыл кеші ұйымдастырылмайды.

"Қазіргі таңда облыс "қызыл аймаққа" енген. Сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеп отыр. Тиісінше, мемлекеттік қызметкерлер арасында ешқандай салтанатты кеш өткізілмейді", - деп жауап берді Әбілқайыр Сқақов.

Серіктес жаңалықтары