283
Дәмханадағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды
Дәмханадағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды
Елордалық кафелердің бірінде газ баллонының жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны екіге жетті. Жансақтау бөлімінде 24 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv
Соңғы екі күнде жас жігіттің жағдайы өте ауыр болған. Тағы екі науқас реанимацияда жатыр.
"Науқаста ауыр ми жарақаты болды. Ол №2 көпбейінді аурухананың мамандары мен Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандарының жіті бақылауында болды. Алайда барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, пациентті құтқару мүмкін болмады",-деп атап өтті қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.