884
Каспий теңізінде жер сілкінді
Каспий теңізінде жер сілкінді
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясының Сейсмологиялық қызметтер Республикалық орталығы.
Жер сілкінісі бүгін, 21 қарашада, сағат 04:00-де Каспий теңізінде тіркелген. Жер асты дүмпулері 14 шақырым тереңдікте сезілген.
Сейсмикалық белсенділік Ақтаудан 352 шақырым жерде тіркелді.
Жер бетінің тереңдіктегі тербеліс магнитудасы үш баллды құрады.
Гипоцентрдің координаттары - 40.52° солтүстік ендік, 51.65° шығыс бойлық.