«Мың бала» мәреге жетті

«Мың бала» мәреге жетті

«Мың бала» мәреге жетті
ашық дереккөзі
355
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өңірлік іс-шараларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев, ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚХА Журналистер клубының төрағасы М.Бекбаева,  ҚХА мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.  width= «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын салтанатты түрде қорытындылау шарасында Ассамблея Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асырылып келе жатқан «Мың бала» жобасы түрлі этникалық топтар арасындағы мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді меңгеруге жағдай жасап, қазақ тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танытуды көздейді» деп атап өтті. Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос жастары арасында тұрақты өткізіп келе жатқан «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» форумына тоқталды: «Жақында Алматы қаласында Ассамблеяның Қазақ тілін меңгеру жөніндегі бірінші конгресі өтті. Шараға түрлі этнос жастары қатысып, өз ой-пікірлерін тек мемлекеттік тілде жеткізді. Ассамблеяның бұл бағыттағы жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруға және мемлекеттік тілді мектеп жасынан меңгеруге айрықша мән беріп отыр», - дей отырып, «Мың бала» жобасы осы тапсырмалардың өз деңгейінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететінін айтып өтті. Жоба нәтижесіне келсек, биылғы жылы аталған жоба 73 472 баланың мемлекеттік тілді меңгеруіне ықпал етті. Жобаны алғаш қолға алған 2015 жылы мемлекеттік тілді 44 497 бала меңгерсе, қазірге таңда (2019 жылы-73 мың 472) бұл көрсеткіш 1,5 есеге көбейген. Жалпы айтар болсақ, 2015 пен 2019 жж. аралығында «Мың бала» жобасы аясында 73 160 іс-шара ұйымдастырылды. Оларға 1 492 516 адам қатысып, қазақ тілін 286 215 бала үйреніп шықты.  

Серіктес жаңалықтары