638
Алаяқ 725 алматылықтың 80 миллион теңгесін алған
Алаяқ 725 алматылықтың 80 миллион теңгесін алған
Полицейлер аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті ЖШС бірінің директорын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті жалған фирмалар мен сайттар ашып, сол арқылы биржалық сауда-саттықпен айналысқан. Соңғы мәліметтер бойынша жәбірленушілердің саны 725-ке жеткен.
Алматы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мұхамедәлі Сейсенұлы күдіктінің қаржылық сауаттылыққа байланысты семинарлар өткізгенін, онда өз аудиториясын бүгінгі күні ақшаны тиімді акцияларда ұстау қажет деп сендіргенін айтты.
Оның айтуынша, қаскүнем нағыз кәсіби маман ретінде сауатты сөйлеп, тыңдаушылар оған бұл іспен шын мәнінде және өте ұзақ уақыт айналысатынына сенген.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары іс жүзінде жәбірленушілердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтты.
Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің "аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық"бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыскер бұған дейін осындай қылмысы үшін сотталған 46 жастағы Алматы тұрғыны.