COVID-19: Қостанай облысында қосымша шектеулер енгізілді

COVID-19: Қостанай облысында қосымша шектеулер енгізілді

COVID-19: Қостанай облысында қосымша шектеулер енгізілді
ашық дереккөзі
181
Коронавирустың таралуы бойынша қызыл аймаққа енген Қостанай облысында қосымша шектеу шаралары енгізілді. Өңірде жабық спорттық-сауықтыру нысандарының жұмысына тыйым салынады. Демалыс орындары мен шипажайлар да уақытша жабылады. Облыстық жедел штаб енгізген жаңа талапқа сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелдің басында төрт адамнан артық отыруға болмайды. Ал жол бойындағы асханалар тек жеткізіп беру қызметін көрсетуі керек. Сондай-ақ облыс аумағына және Қостанай мен Рудный қалаларына кіріп-шығуға тыйым салынып отыр. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, шектеу шараларын қатаңдатпай, індеттің таралуын шектеу мүмкін емес. Айта кетейік, соңғы тәулікте Қостанай облысында 57 адамнан коронавирус анықталды. Ал республика бойынша бір тәулікте 602 адам вирус жұқтырып, індетке шалдыққандардың жалпы саны  121653-ке жетті. 110 мыңнан астам адам емделіп шықты. Дерті асқынған 1899 науқас қайтыс болды. Еске сала кетсек, бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласы коронавирусқа шалдыққандардың көбеюіне байланысты карантинге жабылды. Қалаға шығуға және кіруге тыйым салынды және санитарлық посттар жұмыс істеуде.

Серіктес жаңалықтары