ШҚО-да тағы бір қала карантинге жабылды

ШҚО-да тағы бір қала карантинге жабылды

ШҚО-да тағы бір қала карантинге жабылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласы коронавирусқа шалдыққандардың көбеюіне байланысты карантинге жабылды. ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай аудандық бас санитарлық дәрігері міндетін атқарушының қаулысы 15 қараша күні күшіне енген. Құжатта Алтай қаласынан шығуға және кіруге тыйым салынғаны және санитарлық посттардың жұмысын қамтамасыз ету туралы жазылды. «Келесі нысандардың жұмысына тыйым салу енгізілсін: кинотеатрлар, моншалар, сауналар, бассейндер, театрлар, мәдени нысандар, кітапханалар мен музейлер», – делінген қаулыда. Сонымен қатар құжатта мектепке дейінгі мекемелерде және 1-4 сыныптарда ата-аналардың рұқсатымен 15 баладан аспайтын кезекші сыныптарды құру қажеттігі айтылған. Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймаққа» енді.