801
Үздіктер анықталды
Үздіктер анықталды
Алматы қаласындағы «Медина» спорт кешенінің базасында «Араши - Каратэ - Микс - Комбат» аралас жекпе-жектен республикалық ашық турнир болып өтті.
Байрақты бәсекеге 27 спорт клубынан әр салмақ дәрежесі бойынша 350-ден астам ең мықты деген жекпе-жек өнерінің қырандары қатысқан болатын.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанттары жүлделі орындарға ие болып,спорттық атақтарды тағайындау талаптарын ойдағыдай орындай білді.
Спорттың «Араши-Каратэ» түрінен Қазақстан Республикасының «Спорт шебері» атағын Шәкәрім Әбен, Архат Айсанов, Нұрбек Маназаров, Ерасыл Мукашев, Бекзат Нургазинов, Давлет Канатбеков қатарлы курсанттар иеленді. Ал СанжарАрдақұлы, Исламбек Баймурзаев, Адил Карасартов, Темирлан Култаев, Иоанн Лученков, Эрик Лебедев, Қанағат Нургалиев, Рамазан Ускенбаев, Гасыр Рахымжан Қазақстан Республикасының «Спорт шеберіне үміткер» атағын алды.
Қазақстан Республикасында жоғары дәрежелі спортшыларды дайындағаны және спортты дамытқаны үшін «Араши-Каратэ» жаттықтырушысы атағы қоян-қолтық ұрысынан еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР ҰҚК Шекара академиясы арнайы-тактикалық факультеті дене шынықтыру дайындығы кафедрасының оқытушысы капитан Шыналиев Берік Сәбитбекұлына берілді.
Жақында жарысқа қатысқан жоғарыдағы шекарашы курсанттарға «Спорт шебері» және «Спорт шеберіне үміткер» атағын айқындайтын арнайы куәлік дайындалып, оқу орнының мекенжайына жолданған екен.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясында ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары генерал-майор М.Қалқабаевтың қатысуымен салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында шекарашы спортшылар Марат Өмірбекұлының қолынан «Спорт шеберіне үміткер» куәлігін алды.
Жанат Жабырбеков,
ҚР ҰҚК Шекара академиясы