Таулы Қарабақта екі әзербайжандық минаға ұрынды

Таулы Қарабақта екі әзербайжандық минаға ұрынды

Таулы Қарабақта екі әзербайжандық минаға ұрынды
ашық дереккөзі
290
Таулы Қарабақтағы шиеленістен кейін Бакудың бақылауына өткен Физули ауданында Әзербайжанның екі азаматы минаға ұрынды. Бұл туралы Әзербайжан бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. «Ағайынды Ясин мен Асиф Ахмедовтер Физули ауданында минаға ұрынды. Ясин Ахмедов оқиға орнында мерт болды, ал ағасы ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады прокуратурадан. Ведомство осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын атап өтті. Еске сала кетейік, Ресей мен Түркия Таулы Қарабақтағы қақтығысы тоқтатуды бақылау жөніндегі бірлескен орталық құру туралы меморандумға қол қойған болатын. Жаңа орталық Әзербайжан аумағында орналаспақ. Орталық қол жеткізілген уағдаластықтарды бұзуға байланысты кез келген шағымдарды, мәселелерді қарастыратын орган болады.

Серіктес жаңалықтары