Ресей мен Түркия Таулы Қарабақтағы ахуалды бақылау орталығын құрады

Ресей мен Түркия Таулы Қарабақтағы ахуалды бақылау орталығын құрады

Ресей мен Түркия Таулы Қарабақтағы ахуалды бақылау орталығын құрады
ашық дереккөзі
Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Түркия әскери бөлімінің басшысы Хулуси Акардың бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізіп, Таулы Қарабақтағы қақтығысы тоқтатуды бақылау жөніндегі бірлескен ресей-түрік орталығын құру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ТАСС.  Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, құжатта мониторинг бойынша бірлескен орталықтың міндеттері мен принциптері айқындалған. Сергей Шойгудың пікірінше, Ресей мен Әзербайжан президенттері мен Армения премьер-министрі қол жеткізген келісімдер, сондай-ақ ресейлік бітімгерлерді қақтығыс аймағына енгізу атысты, қантөгісті тоқтатуға және бейбіт өмірге оралуға жағдай жасауға мүмкіндік берді. Жаңа орталық Әзербайжан аумағында орналаспақ. Орталық қол жеткізілген уағдаластықтарды бұзуға байланысты кез келген шағымдарды, мәселелерді қарастыратын орган болады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әзербайжан, Армения және Ресей Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісімге қойғанын хабарлағанбыз. Армения мен Әзербайжан әскери тұтқындар мен басқа да ұсталғандарды және қаза тапқандардың мәйіттерін бір-біріне беруге келісті.