Минскіде жалпыға міндетті маска тағу тәртібі енгізілді

Минскіде жалпыға міндетті маска тағу тәртібі енгізілді

Минскіде жалпыға міндетті маска тағу тәртібі енгізілді
ашық дереккөзі
226
Беларусь астанасы Минскіде жалпыға міндетті маска тағу тәртібі енгізілді. Қалалық атқарушы комитет отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды БЕЛТА Минск мэриясы жедел респираторлы вирусты инфекция мен коронавирустың алдын алу шаралары бекітілген №1069 шешімге толықтыру енгізілді. «Адамдар жұмыс орнында ғана емес, астанадағы кез келген мекемеге барғанда маска тағып жүруі міндетті. «Сондай-ақ, автобус, метро, такси сынды қоғамдық көліктің бәрінде маска тағып отыру қажет», - делінген толықтыруда. Бүгіннен бастап Беларусь астанасында COVID-19 бен вирустық инфекциялардың алдын алу талаптарын қадағалау күшейтіледі. Жекеменшік нысандарының кез келген түрінің жетекшілері санитария-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына барлық жағдайды жасауға міндетті. Айта кетейік, пандемия басталғалы Беларусьта 109 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Елде індеттен 1 022 науқас көз жұмды. Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асып жығылды. Ал вирус құрбандарының саны 1,3 миллионға жуықтады. Індетке шалдыққандардың 34 миллионға жуығы емделіп шықты.  

Серіктес жаңалықтары