Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асты
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асты. Халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер билігінің ақпараты бойынша есеп жүргізетін АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті осындай дерек жариялады.  Университет мәліметінше, жаһанда індетке шалдыққандардың жалпы саны 52 048 827 -ге жеткен. Ал коронавирус құрбандарының саны - 1 282 796. Індет жұқтырғандардың 34 миллионға жуығы емделіп шықты. Қатерлі вирусты жұқтырғандар саны жөнінен әлемде көш бастап тұрған АҚШ-та 10 397 400 адамнан індет анықталып, коронавирустан көз жұмғандар саны 241 619-ға жетті. Екінші орында - Үндістан. Онда індет жұқтырудың 8 636 011 дерегі тіркелген. Оның ішінде 127 мыңнан астамы өліммен аяқталды. Ал пандемия басталғалы 5 747 660 тұрғынынан коронавирус анықталған Бразилия үшінші орында тұр. Елде 163 мыңнан астам науқас қайтыс болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Еуропада коронавирус өршіп бара жатқанын хабарлағанбыз. Франция ауруханалары науқастарға лық толы. Ел билігі індет жұқтырған қарттарды Германияға жөнелтуге мәжбүр болып отыр.