221
Палестинаның басты саясаткерлерінің бірі коронавирустан қайтыс болды
Палестинаның басты саясаткерлерінің бірі коронавирустан қайтыс болды
Палестинаның ең көрнекті саясаткерлерінің бірі Саиб Эректаттың коронавирустан қайтыс болғанын растайтын ресми деректер жарияланды.
65 жастағы Саиб Эректат Иерусалимдегі Хадаса медициналық орталығында қайтыс болды.
Эректат Палестинаны азат ету ұйымының (OOP) Бас хатшысы және Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббастың кеңесшісі болған.
Елде үш күндік аза тұту жарияланды.