Владимир Зеленский коронавирус жұқтырды

Владимир Зеленский коронавирус жұқтырды

Владимир Зеленский коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Украина президенті Владимир Зеленскийден коронавирус анықталды. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Telegram-каналында хабарлады.  «Әлемде COVID-19 қаупі төнбейтін адам жоқ шығар. Барлық карантин шараларына қарамастан, менен де коронавирус анықталды. Қазір температурам 37,5, ал баршаңызға 36,6 тілеймін! Дегенмен көңіл-күйім жақсы. Оқшаулануға уәде беремін және жұмысымды жалғастырамын. Көп адам COVID-19-ды жеңіп шықты. Мен де бұл қиындықты еңсеретін шығармын. Бәрі жақсы болады!» – деп жазды Украина президенті. Еске сала кетейік, бұған дейін Грузия премьер-министрі Георгий Гахария коронавирус жұқтырғанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, "Барселонамен" кездесу алдында "Динамоның" алты ойыншысынан коронавирус анықталған болатын. Атап айтқанда, Георгий Цитаишвили, Денис Гармаш, Миккель Дуэлунд, Александр Караваев, Тудор Бэлуцэ және Николай Шапаренконың тест талдаулары оң нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, бас бапкердің ассистенті Эмиль Карас пен клубтың төрт қызметкері де індет жұқтырғаны белгілі болды.