Грузияның премьер-министрі коронавирус жұқтырды

Грузия үкіметінің басшысы Георгий Гахариядан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Первый канал.

Премьер-министрдің COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Бұл ақпаратты үкімет басшысының баспасөз қызметі растап отыр. Айтуларынша, Георгий Гахария өзін жақсы сезінеді және үйден ем қабылдауда.

31 қазан күні премьер-министр өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен. Себебі ол коронавирус жұқтырған күзет қызметкерімен ұзақ уақыт сөйлескен.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Барселонамен» кездесу алдында «Динамоның» алты ойыншысы коронавирус жұқтырғанын хабарлағанбыз.

Атап айтқанда, Георгий Цитаишвили, Денис Гармаш, Миккель Дуэлунд, Александр Караваев, Тудор Бэлуцэ және Николай Шапаренконың тест талдаулары оң нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, бас бапкердің ассистенті Эмиль Карас пен клубтың төрт қызметкері де індет жұқтырғаны белгілі болды.

 

Back to top button