Ақтөбеде 21 мың жұмыс орны ашылмақ

Ақтөбеде 21 мың жұмыс орны ашылмақ

Ақтөбеде 21 мың жұмыс орны ашылмақ
ашық дереккөзі
212
Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.
«Келесі жылы мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында кем дегенде 21 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 11 мыңы тұрақты жұмыс орны болып қалады деп жоспарлап отырмыз. Бұл биылғы жылғы 20 мыңмен салыстырғанда өсім болады. Бұларды инвестициялық жобалармен байланыстырып отырмыз», – деді Оңдасын Оразалин.
Сонымен қатар өңір әкімінің айтуынша, биыл 50 мың мұнайшы мен кеншінің жалақысы 15%-ға өскен. Келесі жылы да ірі кәсіпорындарға жұмысшыларының айлығын көтеру туралы талап қойылады.

Серіктес жаңалықтары