«Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыбында лекторлық сағат өтті

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының мұрындық болуымен 2020 жылы 5 қараша  күні Yessenov University-де «Тәуелсіздік және Елбасы» атты лекторлық сағат өтті.

Лекторлық сағаттыңшымылдығын университеттің Тәрбие және Әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры э.ғ.к., Аманиязова Гүлімай Демегенқызы ашты. Г.Демегенқызы Қазақстан Республикасының 1991 жылы Тәуелсіздікке қол жеткізуде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың орасан зор еңбектерін атап өтіп лекторлық сабаққа кіріспе жасады.

Лекторлық сағатты университет оқытушылары мен білімгерлері және сыртқы өңірлерден қатысушы азаматтарға түсіндіру мақсатында университеттің «Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқарма төрағасы PhD, аға-оқытушы Тұрлыбек Аслан сөз сөйледі.

Лектор: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың – 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік таңы атқан кезде жаңа Қазақстанның негізін қалап қалыптастырудағы еңбектерінен бастап ел тарихындағы елеулі оқиғаларға тоқталды. Ең бастысы Қазақстан халқының таңдауының Елбасыға түскенін және осы үміттің ақталғанын де жеткізді. Сонымен қатар Елбасының ерен ерлігінің бірі Ел тізгінін ұстап отырғанда мемлекеттің басқару жүйесінің толықтай өзгертіп, басқарудың жаңа институттарын өмірге келуіне ықпал етуі және Мемлекеттік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның өркен жайуына, ел аумағындағы ең маңыздысы істің бірегейі өмірге көп партиялы Парламенттің келуін қолдағанына баса назар аударды.  

Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи феномені ұлттың жасампаз әлеуетін үйлестіріп, әлемде «Қазақстан барысының секірісі» деген атауға ие болған жарқын болашаққа ұмтылу үшін бүкіл қоғамды жұмылдыра алуымен ерекшеленген тұлға екендігін алға тартты. Тұңғыш Президенттің жеке үлесі және халықтың қуатты қолдауының арқасында әлемдік қауымдастықта «Қазақстандық даму моделі» қалыптасқанына кеңінен тоқталды. Қазақ елі Көшбасшысының бейбіт, әрі көпбағытты саясатының ядролық қарудан бас тарту терроризмдік әрекеттер орын алып жатқан осы заманда өте өзекті әрі уақтында дұрыс қабылданған шешімі екендігін жастарға айқындап түсіндірді. Н.Ә.Назарбаевтың саяси бастамаларының ішінде сол кездегі Астана қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының салтанат құруы Ел және әлем тарихындағы елеулі оқиға әрі қайталанбас көзсіз ерлік екеніне тоқталды. Елбасының мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудағы мақсатын, әлем елдері мен саяси тұлғалардың берген бағасының маңыздылығын атап өтті. Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен жалғасақ еліміз сол кездері «жабайы капитализм» құрсауына кіріп кеткендігін және осы тығырықтан шығу мақсатында Елбасының «Шет елдерде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясын белгілеу туралы» Қаулысына қол қойып, ел жастарының сырт мемлекеттерде оқуына жағдай жасағанын жастарға түсіндірді.

Елбасы: Орталық Азиядаға ең алғаш ұлттық мемлекет қалыптастырған Қазақ хандығының 550 жылдығын өткізу еліміздің тарихындағы, ұлтымыздың, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше екендігін атап көрсеткенін және осы тойдың еліміз бен халқымыз үшін маңыздылығына тоқталды. Елбасы біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы халыққа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясын ұсынған. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек екендігін көрсетіп берген Тұңғыш Президент Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ел тағдырынан Елбасының тағдырын бөліп алу мүмкін еместігін алға тартты.

Ырыстан ынтымағы озған ел бірлігін көздің қарашығындай сақтау, бағдаршамдай қастерлеу – бәріміздің ортақ борышымыз және ұмытпайтын жәйт Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді белгілейтінін шегелеп жеткізді.

Лекторлық сағат барысында Елбасы және оның өмірі мен атқарған еңбектері жайлы сұрақтар қойылып жауаптар алынды.

Back to top button