1017
Қытайлық БАҚ Рахимовтың алтын медаліна "таласып" жатыр
Қытайлық БАҚ Рахимовтың алтын медаліна "таласып" жатыр
Нижат Рахимовтың жеңісін қытайлық спортшы Люй Сяоцзюнь мойындаған. Алайда, "Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасының коментаторы бұған 100% қарсы болып шықты", - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының бесінші күні Нижат Рахимов 379 келіні еңсеріп, өзінің басты қарсыласы қытайлық Люй Сяоцзюньды жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салған болатын. Қытайлық спортшы Люй Сяоцзюнь сұхбатында «өз көзіммен көріп тұрдым, жеңілгенімді мойындаймын, Рахимов шынында өз мықтылығын көрсетті» деп жауап Берген деі. Әйтсе де бір қызығы, Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасының коментаторы бұған 100% қарсы болып шықты.
Нижат Рахимов 214 келіні басынан асырған сәтте, аталмыш телеарнаның коментаторы Жаң Гожың тікелей эфирде ашуланып, «Бұл дұрыс емес! Төрешінің есі дұрыс емес екен, Ереже бойынша ол қозғалмай тұруы тиіс, ал қараңдаршы, Рахимов зілтемірді уақытынан бұрын тастап жіберді», - деп төрешілердің шешіміне наразылық білдіріп, дөрекі сөз сөйлесе керек.
Қытайдағы көптеген БАҚ-тарында «Рахимовтың алтын медалі Қытайға берілуі тиіс» деген тақырыпты қызу талқылап жатыр. Еске сала кетсек, 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Нижат Рахимов қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтижемен алтын жүлдеге ие болды.