Шетелден ПТР-анықтамасыз келген қазақстандықтар 7 күн карантинге жатқызылады

Шетелден ПТР-анықтамасыз келген қазақстандықтар 7 күн карантинге жатқызылады

Шетелден ПТР-анықтамасыз келген қазақстандықтар 7 күн карантинге жатқызылады
ашық дереккөзі
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов елге келген жолаушыларды 7 күнге дейін карантинге жіберуді көздейтін қаулыға қол қойды.  "Қазақстанға келген азаматтар, Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады", - делінген жаңа қаулыда. Бұған дейін елге келген ПТР-анықтамасы жоқ қазақстандықтар екі тәулікке карантинге алынатыны хабарланған еді. Сонымен қатар, құжатта анықтама болмаған жағдайда Қазақстан азаматы болып табылмайтын және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жіберуге тыйым салынатыны айтылған.