Ізденіс пен ізгілік

Сондай-ақ!

2021 жылы мұсылмандар қандай мерекелерді тойлайды?

Ораза 14 сәуірде басталады. Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20, 21, 22 шілдеде тойланады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі...

Конфет сыртындағы тудың суреті заңсыз екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың түсіндіруі бойынша конфет оралған қағазға тудың суретін бейнелеу дұрыс емес. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінде болған жиында...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады. Бұл туралы WABetainfo хабарлады. Жақын күндері WhatsApp қолданушыларына жаңа ережелермен танысып, келісіміңізді...

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi аман алып қалды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 желтоқсанда «112» пультiне...

Тетелес өскен телқоңыр дос, жай­саң азамат, әдеби жолын ақын­дықтан бастап, ұстаздық ұлы маман­дық­қа бой ұрған Сейфитден Назым­бек­ұлы Сүтжан жөнінде жазуға ден қой­ғанда өткен күндер мен жастық жыл­дарымызды еске алуға тура келеді. Өткен ғасырдың 70-жылдары болатын. Ол кезде мен Қазақ университетінің фи­лология факультетіне оқуға енді түс­кен студентпін. Оқу ордасының осы­нау айтулы факультетінде Мұхтар Әуе­зов атындағы әдеби бірлестік бар екен. Кезінде ұлы қаламгер дәріс оқы­ған аудиторияларда оның қоңыр даусы қал­ған-ды. Әлем таныған Әуезовті мәң­гілік есте қалдыратын бір игілікті іс – оның атындағы әдеби бірлестік болатын. Біз әуелі осы бірлестік өткізетін әде­би-өнер кештеріне қатысушы болып бастадық.

Бірлестік жанынан айтулы даталы күндер мен мейрамдарда тұрақты шыға­тын «Шағала» атты қабырға газеті де бар болып шықты. Тұтас қабырғаға созылып кететін, тіпті кейде 10-15 метрге дейін кетіп қалатын сол қабырға газеті шыққанда оны оқуға Мұқағали, Қадыр, Тұманбай бастатқан ақындар да келетінін естіп, көріп, осы газетке шығуға деген құмарлық бойымызды кернеді. Газеттің сол кездегі редакторы бесінші курстың студенті Болат деген жігіт болатын. Оны көргенде сыртынан қызыға қарап, біз қашан осындай дәрежеге жетер екенбіз деп армандайтынбыз. Осы га­зетте қазақтың белгілі ақындарының өлеңдері жарияланып, олардың өздері келіп оқып, жастармен кездесіп, мәре-сәре болып жататын.

Ұмытпасам, 1970 жылдың жазға ұла­сар шағы, шамасы мамыр мереке­лері­нің басталған кезеңі болса керек, екін­ші курстың студенті Сейфитден Сүт­жанов­тың да өлеңдері «Шағаладан» студенттер на­зарына жол тартты. Сонда балғын ақын­ның «Адамның жастық шағы да, өтіп те кетер көктем ғой» деп түйінделетін өлеңін оқып, оған сыртынан жанкүйер болдым. Су­ре­тін де беріпті, тастүйін балаң жігіт қа­быр­ғадан бізге «мені біліп жүріңдер» дегендей қарап тұрды. Бірте-бірте біздер де осы бірлестік жұмысына араласып, қабырға га­зетіне жақындауға мүмкіндік алдық. Үшін­ші курста менің де бір топ өлеңдерім жа­рияланды. Үшінші курсты енді бастап жат­қан кезде біздің курсқа алдымыздағы курстан 2-3 студент келіп қосылды. Таныс­тық. Бірі өзім сыртынан біліп жүрген ақы­ным Сейфитдин, екіншісі шымыр денелі, түр-тұлғасы спортшыға келетін Әбдіғали Бекішев деген жігіт, үшіншісі жүзінен келбетті, ұяңдық пен ақылдылықтың лебі ескен Шәрбану Әбдірахманова деген бойжеткен болып шықты. Сыртынан біліп, көр­сем деп жүрген Сейфитден, қазақы пайым­мен айтқанда, киіктің лағындай, тез сөйлеп, шапшаң қимылдайтын, қаршығадай қағылез жігіт екен.

1989-1992 жылдары еңбек жолын ҰҒА-ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер ретінде жалғастырды. 1992-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарған. Осы жылдарда, қалың бойжеткендердің ортасында жүргенде, өзі уақытша қоштасып кеткен поэзиясына қайыра айналып соғып, жастықтың жауқазын шақтары туралы жыр жазып, «өлеңнің өрісіне ат шалдырды» деген сөз жүрді. Кім білсін, ақындық деген атүс­ті жойылып кететін қасиет емес қой.

1994 жылы қазақ әдебиеті мамандығы бойын­ша «М.Ж. Көпеевтің әдеби мұрасы» ат­ты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінің шешімімен филология ғылымдарының кан­дидаты деген атқа ие болды. 1998 жылы Павлодар университетіне ауысып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында педагогтік қызметті әрі қарай жалғастырған. 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап, 2004 жылға дейін С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің қазақ филологиясы кафедрасында доцент, аға ғылыми қызметкер болып, ал 2004-2007 жылдары ПМПИ-де «Қазақ әде­биеті» кафедрасының меңгерушісі қызметін ат­қарды. 2007-2008 жылдары сырттай қыс­қартылған нысанда оқыту факультетінің де­каны, ал 2009-2010 жылдары филология факультетінің деканы болып жұмыс істеді. Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиеті кафед­расында профессор қызметін атқарады.

Төл әдебиетімізде ешкімге ұқса­май­тын өз шығармашылық беті, өзіндік стилі, өзгеше суреткерлік болмыс-бітімі бар әдебиетші-ғалым Сейфитден Сүтжановтың «Рухани алмасу арналары» және «Қазақ және түркі руханияты» атты монографиялық еңбектерінде қазақ пен түркі халықтарының XX ғасыр басындағы әдеби байланыстары белгілі бір аспектіде қарастырып, түркі әле­мінің тыныс-талғамын тереңдеп жүйе­лейді». Рухани жақындық пен ұлттық ерек­шеліктің тіні тарихи ғасырларда жатқанын дәлелдеп, түркі дүниесіне қалтқысыз еңбек сіңіріп келеді. Әлемдік әдебиеттегі түркілік стильдің ортақтығын танытуда, қазақ поэ­зиясының ежелгі сарыны мен дабылын даралауда ол көп ізденіп, көз майын тауысып, көсіле жазуда.

«Қазіргі таңда Сейфитден Назым­бекұлы­ның 200-ге жуық ғылыми еңбектері мен әдеби-публицистік шығармалары шетел және республикалық түрлі халықаралық конференцияларда, сондай-ақ отандық газет-жорнал беттерінде жарық көрген. Әсі­ресе, «Мәшһүр мұрасы», «Мәшһүртану кур­сы», «Әдеби байланыс негіздері», «Сопы­лық таным тағылымы», «Сопылық ғибрат­нама», «Түрік тектес халықтар әдебиеті» (оқу құралы, хрестоматия) деген оқу құралдары мен «Рухани алмасу арналары», «Қазақ-түркі әдеби байланыстары», «Қазақ және түркі руханияты», «Сопылық таным тағылымы», «Сопылық ғибратнама», «Түрік тектес халықтар әдебиеті» (оқу құралы, хрестоматия) атты монографиялары атап өтуге тұрарлық. Қазақ даласында кезінде кең тараған сопылық ілімнің тарихы, оның ағартушылық ағысы мен ақидалық канондары туралы жазуды ислам іліміндегі Ханафия мазхабы аясында кеңінен баяндауда Секең таймас табандылық танытып, өзі де іс жүзінде үлгі-өнеге болып жүр.

Сондай-ақ Сейфитден Назымбекұлы университет жанынан құрылған «Ұлағат» атты әдеби-педагогикалық орта­лық құрастырған Ы.Алтынсариннің өмірі мен әдеби-педагогикалық шығармашылығы туралы бес томдық зерттеулер жинағын құрастырушылардың бірі болды. Оның облыстық, республикалық баспасөз беттерінде әдеби-танымдық тұрғыдағы мақалалары жиі жарияланып тұрады.

XX ғасырдың бас кезіндегі түркілік ақын­дар шығармашылықтарындағы үн­дестік, типологиялық ұқсастық негізіндегі алмасу процесін қарастыру және әдеби байланыс тұрғысында төл сөз өнеріміздің даму үрдісін саралау еңбектің көкейкесті­лігін аңғартады. Ол тарихи-мәдени процес­ке орай туындаған түркі халықтарының өзара тығыз қарым-қатынастарын зерттеу объектісі ете отырып, байланыс арналарын, әдеби ағым, бағыттағы бірлестігін, жекелеген ақын-жазушылардың бір-біріне еткен ықпал-әсерін көркемдік-эстетикалық тұр­ғыда зерделейді.

«XX ғасырдың бас кезіндегі түркі ха­лық­тары әдебиетінің көрнекті тұлғалары, қазақ – Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Ғұмар, Мақыш, Ахмет, Жүсіпбек, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Сәбит, Бернияз, татар – Дәрдменд, Гаспринс­кий, өзбек – Фитрат, Чолпан, ұйғыр – Нәзір­қожа, қырғыз – Сыдық, Қасым сынды қа­лам­гердің бұрын осы зерттеу мәселесіне байланысты нысанаға алынбаған шығарма­ларын қарастыруда тың ізденістерге бой ұрды.

Тектес халықтар әдебиетттерінің үндестіктері олардың байланысу арналарына кең жол ашқаны, өзара әсер-ық­палы тиянақты түрде тұжырымдалған еңбегінде Дәрменд, Тоқай, Фитрат, Авлони, Ғафури, Бабич т.б. шығармаларында кө­терілген мәселелердің Шәкәрім, Мәшһүр, Сәбит Дөнентаев т.б. шығармаларына өзек болғаны жайлы салыстыра талдаулар жасады. Мұның бәрі шындығына келгенде талай жыл­дар мен жолдардың айқын айғағы, қия­ға құлаш ұрған азаматтың маңдай тері мен ел әдебиеті алдындағы өтеулі қызметі.

Сейфитденнің қазақ әдебиеті ғы­лы­мын­дағы іргелі ізденістері ізгілік жолындағы тынымсыз еңбек екенін аша көрсеткен пікірлерді мысалға келтіре отырып, ғалымның туған әдебиетке сіңірген еңбегін бағалауда ортақ мәмілеге келеміз.

Жайсаң дос, жарқын мінез азамат, ір­гелі ғалым Сейфитден Сүтжан же­ті белеске жемісті көтеріліп, қазақ баласы қызығатындай өмір жолдарынан өтті. «Адамның жастық шағы да, өтіп бір кетер көктем ғой» деген оның жиырма жаста жаз­ған жырын еске түсіре отырып, ол туралы пейілді пікір білдіру – мен үшін де бір ғани­бет. Сен туралы сөз – ізденіс пен ізгілік туралы сөз. Көңіліміздегі көктем туралы сөз. Көк­тем өтеді, қайыра келеді. Жастық шақ­тың жарқын ізі жүрек жылнамасында жа­зы­лып қала береді.

 

Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Қазақстан коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасын бірігіп өндіруге келісті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) әлемде алғашқы...

2021 жылы мұсылмандар қандай мерекелерді тойлайды?

Ораза 14 сәуірде басталады. Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20,...

Конфет сыртындағы тудың суреті заңсыз екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың түсіндіруі бойынша конфет оралған қағазға тудың...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады....

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...