COVID-19: АҚШ-та бір аптада жарты миллионнан астам адам індет жұқтырған

COVID-19: АҚШ-та бір аптада жарты миллионнан астам адам індет жұқтырған

COVID-19: АҚШ-та бір аптада жарты миллионнан астам адам індет жұқтырған
ашық дереккөзі
Өткен аптада АҚШ-та жарты миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Бұл - пандемия басталғалы бергі рекордтық көрсеткіш, деп жазады  The New York Times
Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет таралғалы елде 8,7 миллионнан астам адамнан қатерлі вирус анықталған. 3,5 миллионға жуық адам емделіп шықты. 226 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Еске сала кетейік, бұған дейін ДДСҰ әлемде бір апта ішінде індет жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелгенін хабарлаған еді. 7 күн ішінде 3 миллионға жуық адам коронавирусқа шалдыққан. Вирус, әсіресе, Еуропа елдерінде өршіп барады. Індет жұқтырудың жаңа жағдайларының жартысы аталған аймақтан тіркелген. Бір апта ішінде Еуропада 1,3 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Бұл – алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 33% -ға көп.