2017 жылы доллар мен еуро құны теңеспек
2017 жылы доллар мен еуро құны теңеспек
Еуропа Одағының ортақ валютасы еуроның доллармен қатынас құны айтарлықтай төмендеді. Лондондағы электрондық сауда-саттық жасайтын орталықтарда EBS платформасында 1 еуроның 1,13145 долларға тең болған. Мұндай курс соңғы рет 2003 жылы қыркүйек айында тіркелген екен. Яғни араға 11 жыл салып еуро құны 2-ші мәрте айтарлықтай құнсызданып отыр. Еуро құнының төмендеуіне Еуропаның орталық банкінің мемлекеттік облигацияларға қатысты шығарған бағдарламасы әсер етуі ықтимал.
Десе де, бұл жағдайды экономика заңдылығында уақытша болып тұратын құбылыс деп қабылдайды сарапшылар. АҚШ-тың әлемге әйгілі атақты банкі «Goldman Sachs» 2018 жылы еуроның бағасы төмен түсіп, есесіне АҚШ доллары шарықтайды деген болжам жасап отыр. Бір еуроның бағасы шамамен 90 цент болуы мүмкін. Аталған банктың болжамы бойынша, доллар мен еуро 2017 жылы қаңтарда теңеседі.
Ал, 2018 жылдан бастап, доллардың құны жоғарлап, еуро төмен түсетін көрінеді. Еуроаймақ әлі күнге дейін дағдарыстан шыға алмай отыр. 2012 жылдан бері өздерінің бәсекеге қабілеттіктерін арттыру мәселесімен айналысуда. Сондықтан жақын арада еуроның дәурені аяқталып, бағасы төмендейді деген пікірде «Goldman Sachs» банкінің сарапшылары. Сондай-ақ, әлемдік валюталардың ішінде долларды нығайту бағытында жұмыстардың жүргізіліп жатқаны белгілі. Осы ретте «Goldman Sachs» банкі еуро-доллар-фунт валюталық жұбына және Аустралия долларға қатысты өз болжамдарын жасады. Осы жылдың соңында Аустралия доллары 79 цент болады дейді банк сарапшылары.