Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллионнан асты

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллионнан асты

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллионнан асты
ашық дереккөзі
140
Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллионнан асып жығылды.  Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, өткен тәулікте 75 мыңнан астам адамнан індет анықталған. Вирус жұқтырғандар санының өсімі тәулігіне қыркүйектегі 100 мыңнан 70 мың адамға дейін кемігеніне қарамастан, Үндістан  коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Пандемия басталғалы елде індеттен 108 мыңнан астам адам көз жұмды. Айта кетейік, Еуропада коронавирустың екінші толқыны қарқын алды. Францияда бір тәулікте індет жұқтырғандар саны 16 мыңға жетсе, Ұлыбританияда 13 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды.

Серіктес жаңалықтары