Таулы Қарабақ: Тамыры терең текетірес

Таулы Қарабақ: Тамыры терең текетірес

Таулы Қарабақ: Тамыры терең текетірес
ашық дереккөзі
568
Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ қақтығысы күн өткен сайын шиеленісіп келеді. Қайтыс болғандардың арасында бейбіт тұрғындар да бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы дағдарысты дипломатиялық жолмен еңсеруге кіріскен кезде, Еуропалық одақ «сыртқы араласу» (Бұл жерде Түркияның аймақтағы рөлін меңзейді) шешімін таппайды деп мәлімдейді. Екінші жағынан, Армения Гюмридегі Ресейдің әскери базасы «аймақ үшін қауіпсіздік элементі» екенін баса айтады. Анкараның мәлімдемесінде «Біз алаңда және үстел басында Әзербайжанмен біргеміз. Біз бұл мәселені толығымен шешкіміз келеді» деген жолдар кездеседі.  width=

«Қарабақ кімдікі?» деген сұраққа тарихтан жауап іздесек

Армяндардың Қарабақты тартып алуы ХХ ғасырда тарихи оқиғалардың тұ­сында болды. Патшалық Ресейдің Бі­рінші Петр заманында армяндардың Реван хандығына (қазіргі Ереван – Оң­түс­тік Кавказиядағы Түрік хан­дық­тары­ның бірі) қоныс аударуы басталды. «Қа­зан төңкерісінен»  кейін құлаған Ре­сей империясының құрамынан шық­қан армяндар, империяның ыдырау про­цесін барынша пайдалану арқылы қа­зіргі территориясында Армения Де­мократиялық Республикасын құрды. Ал 1920 жылғы 29 қарашада больше­вик­тердің қызыл әскерінің Ереванға кіруімен дербес ел болу мүмкіндігін қолдан жі­беріп алған болатын. 70 жылдан астам КСРО құрамында қалған Армения, одақ ыды­рағаннан кейін Әзербайжанның то­пы­рағы Қарабақты өз шекарасына қосу туралы ние­тін білдіргеннен кейін Армения мен Әзе­р­байжан арасында қақтығыс пайда бола бастайды. Армения бұл ниетін білдірмес бұ­рын, 1989 жылы Ереванда өмір сүретін кө­не түрік халықтарын шаһардан қуу ар­қы­лы этникалық тазалауды бастаған болатын. Бұл әрекеттерінің түбірінде «Алпауыт Армения» қиялдарын жүзеге асыру еді. «Ал­пауыт Армения» идеясын алғаш бас­та­ған­дар «дашнактар» еді. Олар өз идеяларын жү­зеге асыру үшін Осман империясының ішін­де де террорлық әрекет жасау арқылы сан түрлі бүліктерді жүзеге асырған дейді та­рих. Бүгінде Арменияда да, армян диас­пора­сында да белсенді жұмыс істейтін Даш­накцутюн (армян одағы) радикалды ұлтшыл армян саяси партиясы бар. Ол Тби­лисиде 1890 жылы құрылды. Оның мү­ше­лері «дашнактар» деп аталады. Олар Үл­кен Арменияны құруды мақсат етеді.  width= 1991 жылы жаңа республикалар бірінен соң бірі өз тәуелсіздіктерін жариялаған кез­де Ресей босатқан базалардан алынған ауыр қару-жарақ қақтығыста Арменияға үс­темдік етуге көмектесті. 1992 жылғы 8 қаңтарда армян сепара­тис­тік күштері Ходжавенд / Карабаққа ша­буыл жасай бастады. Қарабақтағы екі негізгі маршрут сы­зы­ғының бірі – Нахичеван мен Әзер­бай­жанды байланыстыратын Зенгилан ба­ғанасы, ал екіншісі – Лачин дәлізі, ол Ар­мения мен Таулы Қарабах республикасын тікелей байланыстырады. 1992-1993 жыл­дары Армения Әзербайжан аумағының 20 пайызын жаулап алып, ор­нына «Таулы Қарабақ Республикасын» құр­ды. Қақтығыс кезінде жерінен, елінен айы­рылған 1 миллионға жуық бос­қындар, қоныс аударушылар мен баспана іздеушілер пайда болды. Сондай-ақ  4 852 әзербайжан, оның ішін­­де 54 бала, 323 әйел, 410 қарт жо­ғалып кеткен, 169 бала, 338 әйел, 286 қарт армян агрессорлары тарапынан 793 адам тұтқынға түскен. 18 бала, 46 әйел, 69 қарт әлі де Арменияда тұтқында. Халық­аралық Қызыл Крест комитетінің мәліметі бойынша, 439 адам тұтқында қайтыс болды.  width= Армян агрессорларының Таулы Қара­бақ аймағындағы және оның ай­наласындағы ұлттық мәдени орталықтарға келтірген залалын есептеу мүмкін емес. Өйткені тоналған және жойылған ма­териал­дық  және рухани қазыналар – Әзер­байжанның ғана емес, бүкіләлемдік өр­ке­ниеттің ерекше мәдени мұраcы. Жалпы мә­ліметтерге сәйкес, Әзербайжан эко­но­мика­сы өзінің моральдық және психо­ло­гия­лық әсерінен бөлек 60 миллиард дол­лардан астам шығынға ұшырады. 1992 жылы оларды Қарабақ жанжалын бейбіт жолмен шешуге шақыру үшін Минск тобы құрылды. Кейінірек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Қарабақтың Әзербайжан аумағы екенін 1993 жылы 822, 853, 874, 884 қау­лысымен мойындады. 1994 жылы 16 мамырда Мәскеуде Әзербайжан мен Армения қорғаныс министрлерімен және Арме­нияның қолдауымен пайда болған және тек Арменияның ғана тәуелсіз деп санайтын Таулы Қарабақ үкіметі қорғаныс армиясымен атысты тоқтату туралы келісімге қол қойыл­ды. Осы уақытқа дейін (28 жыл) Әзер­байжан халықаралық шарт бойынша өз құқығын ала алмады. Халықаралық  ұйымдар Армян агрессорларына қарсы Әзер­байжанға жеткілікті қолдау көрсетпеді. (Мұның саяси себептерін алдағы параграфта оқи аласыздар.) Ұзақ уақыт тыныштықтан кейін қақ­тығыстар алғаш рет 2016 жылғы 5 сәуірде, содан кейін 2020 жылғы 12 шілдеде күшейе түсті. Алайда бұл жолы Әзербайжанға жа­сал­ған шабуыл Таулы Қарабақ аума­ғынан тысқары Қарабахтан (қақтығыс ай­мағы) 40 шақырым қашықта орналасқан Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры Транс-Анадолы газ құбыры орналасқан Товуз ауданын алуды мақсат етті.  width= Бұл қауіпті жағдай орнағаннан кейін Түрік Қарулы күштері мен Әзербай­жан армиясы Нахичеванда жаттығу өткізді. Бұл әскери жаттығу Нахичеван және басқа аумақтарда Түрік Қарулы күштерінің Әзер­байжан армиясымен өткізген алғашқы және ауқымды болуымен ерекшеленді. Жә­не Түрік Қарулы күштерінің мүшелерінің бір тобы Әзербайжан армиясын оқыту үшін өлкеде қалған болатын. Мәскеу-Анкара-Баку ынтымақ­тас­тығынан кейін, Армениямен бірге Әзербайжан шекарасында жаттығу өткізуі Анкара мен Мәскеу Оңтүстік Кавказда бет­пе-бет келер ме еді деген мәселені көтерді. Ресейдің басты алаңдаушылығы, Түр­кия, Баку Ереван жанжалын пайдала­на отырып, түрік әскери базасын На­хи­чеван­ға орнықтыруы мүмкін деген күдік туын­дайды. Себебі Нахичеван автономиясы Түр­кия мен Әзербайжанды бөліп тұрған тек қақ­па.  width= 1992 жылдан бастап америкалық сарапшы Пол Гоблдың күн тәртібіне енгізген ұсы­нысы бойынша Нахичеванды Мегри дә­лізі арқылы Әзербайжанмен біріктіру көз­деліп, Армения мен Қарабақ арасында Лачин дәлізін ашып, Армения басып алған жеті облысты Әзербайжанға беру және Тау­лы Қарабақты Арменияға қалдыру шешім ре­тінде ұсынылды. 1999 жылы Гейдар Әлиев пен Роберт Кочарян ұзақ келіссөзден кейін осы формуламен келісімге келді, бірақ байланыс соңғы сәтте үзілді. Түркияда Сүлейман Демирел мен Бү­лент Эжевит  Әзербайжан мен Түр­кия арасындағы «дәліз ашу» пікірін қол­дап келді. Себебі бұл дәліз тек қана Әзер­бай­жан мен Түркияны емес, Түркия мен бүкіл Түркі әлемін жалғайтын дәліз болар еді.

Оңтүстік Кавказдағы стратегиялық тепе-теңдік

Соңғы жылдары әскери күш балансы Бакудың пайдасына өзгерді деп айтуға болады. Мұнай мен табиғи газ экспорты арқылы Әзербайжан экономикасының дамуы қорғаныс шығындарының айтарлық­тай өсуіне әкелді. Атап айтқанда, Түркиямен әскери ынтымақтастықты одан әрі нығайту Әзербайжанға айтарлықтай жеңілдік берді. Осы сәтте Анкараның қорғаныс өнер­кәсі­біндегі  және стратегиялық қару-жарақ өн­дірісіндегі жетістіктері бұл ынтымақ­тас­тықты одан да жоғары деңгейге жеткізді. Шын мәнінде, Таулы Қарабақтағы қақты­ғыс­тар Түркияда жасалған ұшқышсыз авиа­­цияны қолдану Әзербайжан үшін бұл салада айтарлықтай артықшылықтар берді. Сонымен қатар TRG-300 жолбарыс зымыраны сияқты стратегиялық қару-жарақ 120 шақырым қашықтыққа жетеді және де бұл Әзербайжан армиясының әскери қабілетін арттырды.  width= Әзербайжанның қауіпсіздік стра­тегиясындағы бұл өзгерістің алғаш­қы нақты белгісі 2016 жылдың сәуіріндегі қақтығыста анықталды. Баку тактикалық жетістікке жетті және шектеулі болса да басып алынған аумағының бір бөлігін қайтарып алды. Бұл сондай-ақ 30 жыл уақыт өз жеріне қауыша алмаған Баку үшін басып алынған аумақты дипломатиядан гөрі соғысып алу ықтималдығын арттырды. Қорғаныс интеграциясына  қоса Баку мен Анкара арасындағы энергети­калық ынтымақтастық та 2016 жылдан бастап тереңдетіле бастады. Әсіресе, осы күннен бастап Түркияның энергетикалық нарығында Ресейдің газ мөлшерлемесі үнемі төмендей бастады, Әзербайжанның Түрік нарығындағы үлесі керісінше өсті. 2020 жылы Әзербайжан Ресейді озып, Түр­­кияның ең ірі табиғи газ жеткізушісі болды. Анкара мен Баку арасындағы энергетика мен қауіпсіздік саласындағы жақындасу Ереванды да, Мәскеуді де, Тегеранды да алаң­датады. Шынында да, Түркия мен Әзер­бай­жан арасындағы энергетикалық және логистика жобаларының орталығы болып саналатын Товуз аймағына жасалған армян басқыншылығы осы алаңдаушылық­тың маңызды көрсеткіші ретінде қарас­тырылуы мүмкін. Әзербайжан мемлекеттік мұнай ком­паниясы SOCAR-дың мәлімдемесі бойынша, Армения Түркияның Еу­ропаға SCP құбыры арқылы жеткізі­ле­тін газ құбырын бұзу әрекетін жоспарлап отыр.  width= Екінші жағынан, ауыр экономикалық дағдарысқа ұшыраған Армения – өндірісі шектеулі және тек сырттан келген көмек арқылы өмір сүре алатын ел. Сондық­тан Таулы Қарабаққа бірнеше жылдар бойы жүргізіп келе жатқан оккупациялау саясатын тек өзінің экономикалық құралдары­мен жалғастыру мүмкін емес. Шын мәнінде, Ереван үшін Ресей де, армян диаспорасы да бұл мәселеде басты қолдаушы ретінде ерек­шеленеді. Дегенмен бұл қақтығыс аймақтық күш ретінде алаңда жүрген үш алпауытты бір соғысқа итермелеудің кіріспесі болуы мүмкін. Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыстың тағы бір аспектісі – Оңтүстік Кавказдағы геосаяси күрес. Ресей мен Иран арасындағы жекпе-жекте Түркия бұл аймаққа әсер ете алатын күшке ие. Түркияның Армениямен дипломатия­лық байланысы жоқ, дегенмен Баку және Тбилисимен қарым-қатынасы өте тығыз. Түркия Грузияның бірінші сауда серіктесі, сонымен бірге Түркияның Әзербайжанмен энергетикалық және логистикалық желілері Грузия арқылы өтеді.  width= Үш елмен де қарым-қатынасты сақ­тайтын Тегеран әкімшілігінің ай­мақтағы ықпалы Мәскеу және Анкарамен салыстырғанда анағұрлым шектеулі. Иранда өмір сүретін миллиондаған Әзербайжан түріктеріне қарамастан, Тегеран аймақтағы көп­теген саяси оқиғаларда Бакуге қарсы сая­сат тұтынады. Белгілі бір мағынада Бакудегі тұрақсыздық Иранның аймақтағы басты мақсатының бірі болып табылады, өйткені тәуелсіз Әзербайжан Тегеран әкімшілігі үшін үлкен алаңдаушылық тудырады. Сонымен қатар пантуркист идея­ларының Оңтүстік Кавказ аймағында ық­палын күшейтуі Иран тұрғысынан ең нашар сценарийді білдіреді. Осы себепті Тегеран қазіргі қақтығыстық жағдайда Арме­ния­ның Таулы Қарабақ пен 7 облысты басып алған кезеңіндей Ереванды қолдағанды жөн көрді. ЕҚЫҰ Минск тобы, Еуропалық одақ (ЕО) кеңесінің төрағасы Чарльз Ми­шель, Канада және Ұлыбритания тараптарға атысты тоқтату туралы бірлескен үндеу жа­сады. Оларды ортақ мәмілеге шақырды. Жал­пы, Баку халықаралық құқықтық тұр­ғыдан ұтып тұрса да Минск тобы Әзер­бай­жанның жаулап алған жерін қайтармады. Миллиондаған босқын Отанына орала алмады. Минск тобының және сыртқы ел­дердің жасаған келіссөздері 28 жыл бойы нәтиже бермеді. Бүгінгі күні ақыл-парасат тұрғысынан бір­ден-бір дұрыс болып табылатын тәсіл – халықаралық құқық. Біріккен Ұлттар Ұйымының және көптеген халықаралық институттардың қарарларына сәйкес шындық айқын: Армения Таулы Қарабақ пен оның айналасындағы жеті Әзербайжан облыстарын басып алды.

Назгүл Кенжетай,

саяси журналист

(Түркия)

Серіктес жаңалықтары