«Армандарым мені алысқа алып кетті»: Димаш Құдайберген әсерлі жазба жариялады

/
«Армандарым мені алысқа алып кетті»: Димаш Құдайберген әсерлі жазба жариялады
Әлеуметтік желіден

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында туған жері Ақтөбеге келгенін хабарлап, оқырмандарымен әсер бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі жасөспірім шағындағы армандары өзін алысқа жетелегенін, алайда әр жолдың бастауы туған жерден басталатынын атап өтті.

Оның айтуынша, араға жылдар салып, туған өлкесіне қайта оралған. Сондай-ақ әнші алдағы үш күн ішінде Ақтөбеде жаңа бейнебаян түсіруді жоспарлап отырғанын жазды.

«Ақтөбеден сәлем. Жасөспірім кезімде армандарым мені алысқа алып кетті. Бірақ әр жолдың бастауында туған жер тұрады. Араға жылдар салып, туған жерге табан тіреп келіп қалдым. Бұйырса Ақтөбеде 3 күннен соң жаңа клип түсіремін», – деп жазды әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары