Үлкен Алматы шыңында үш турист құтқарылды

/
Үлкен Алматы шыңында үш турист құтқарылды
Видеодан скриншот

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас өздігінен таудан түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды.

Көмекке ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел аттанды. Құтқарушылар Проходное шатқалы арқылы жаяу жүріп, туристерге жетті.

Жастардың бірінің жағдайы нашарлап, тау ауруының белгілері байқалған. Құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін топтың барлық мүшесін таудан қауіпсіз түсірді.

ТЖМ ескертеді: таулы аймақта серуендеу кезінде өз күшіңізді дұрыс бағалап, су режимін сақтап, денсаулық жағдайына мұқият назар аудару қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары