«Ағайынның тойынсыз қалай өмір сүреміз?»: Ләйлә Сұлтанқызы қазақтың бақыт формуласы туралы айтты

/
«Ағайынның тойынсыз қалай өмір сүреміз?»: Ләйлә Сұлтанқызы қазақтың бақыт формуласы туралы айтты
Әлеуметтік желіден

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ қоғамындағы қуанышқа ұмтылу, жоспар құру және мотивация туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, адам өмірінде бақыт сезімі тұрақты болмайды, алайда алдағы қуанышты сәттерді күту де адамға ерекше әсер береді.

Ләйлә Сұлтанқызы өзге елдермен салыстырғанда қазақ қоғамында бауырмалдық, тойға дайындық және ортақ қуаныштарды күту мәдениеті басым екенін атап өтті. Оның сөзінше, адамдардың мерейтой, той немесе отбасылық жиындарды алдын ала жоспарлауы өмірге деген ынтаны арттырады.

Сондай-ақ ол мұндай құбылысты мотивациямен байланыстырып, кей жағдайда адамдардың әдемі көрінуге, жаңаруға және алға ұмтылуына әсер ететінін айтты.

Жазба соңында тележүргізуші ысырап мәселесі бөлек тақырып екенін айтып, бұл ойының негізгі мәні – қуанышты күте білудің адам өміріндегі орны екенін жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары