Мемлекет тарапынан көрсетіліетін әлеуметтік көмек қысқармайды

Мемлекет тарапынан көрсетіліетін әлеуметтік көмек қысқармайды

Мемлекет тарапынан көрсетіліетін әлеуметтік көмек қысқармайды
ашық дереккөзі
247

Азаматтарды жұмыспен қамтып, табыс деңгейін төмендетпей, әлеуметтік міндеттерді сақтап қалу - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында халықты барынша жұмысқа тартуды мақсат еткен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі алдағы уақытта бірқатар жұмыстар атқармақ.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингі барысында еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Осы ретте, 3 жарым жылда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен - 461 мыңнан астам адам жұмысқа тұрған. Үкімет жергілікті билікпен 1 млн-нан астам жұмыс орнын сақтап қалу үшін - 19 мыңнан астам меморандумға қол қойып, алдағы уақытқа жүйелі жоспарлар құрған. Атаулы көмектердің барлығы тиісті адамдарға берілуі шарт. «Егерде азаматтар аз қамтамасыз етілген отбасыларында жұмыс жасындағы азаматтар болса оларға мүмкіндік беріледі күн көріс деңгейінің 60 пайызына шейін атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі егерде біз айтқан жұмысқа баратын болса әлеуметтік контрактіге қол қоятын болса»,- деді Министр ханым.

«Жұмыспен қамту» бағдарламасына 461 мыңнан аса азамат тартылды. Басым бөлігі жұмысқа орналасты, оқып, шағын несие алғандары да бар. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бағдарлама аясында азаматтардың бес жылға үш миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндігі бар. Олар салық инспекциясымен, банктермен қалай жұмыс істеу керектігін үйренеді.

Тамара Дүйсенова 2011 жылдан бері 28 мың Қазақстан азаматы несие алғанын мәлімдеді. Ауыл тұрғындары үшін қосымша 20 мың жаңа жұмыс орны ашылған. ««Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қандай инфрақұрылымдық жобалар іске асыру керек және бұл жобаларда қанша жұмыс орындарын ашу керек, деген мәселелерді анықтаудамыз.

15 наурызға дейін бұл жұмысты бітіруіміз керек. Одан кейін әр жергілікті жерде жұмыс орындарына біздің жұмыспен қамту орталықтары арқылы азаматтарды тарту мәселесін қойып жатырмыз»,-дейді ойын толықтырып. Елдегі медицина саласында орын алған жемқорлықты да шегелеп, қатаң қадағаланатындығын да тілге тиек етті Министр.

Серіктес жаңалықтары