216
Ресейден экспортталған өнімдерден коронавирус табылды
Ресейден экспортталған өнімдерден коронавирус табылды
Қытайдың кеден органдары Ресейден әкелінген өнімдердің үлгілері мен олардың сыртқы қаптарынан коронавирус тапты.
РИА Новости хабарлағандай, вирустың бары анықталған соң Қытай билігі жүк тиелген ресейлік екі кеменің импорттық декларациясын қабылдауды төрт аптаға шегерді.
Негізі бұл кемелер Қытайға балық өнімдерін жеткізуі керек еді.
Еске салсақ, бұған дейін Қытайдың Чанчунь қаласында Ресейден әкелінген мұздатылған теңіз өнімдерінің пакетінен коронавирус табылғаны хабарланған болатын. Жергілікті Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы инфекцияның барын растады. Билік қаппен жұмыс істеп, бақылағандардың бәрін анықтап, дәрігерлердің бақылауына алды.