Жыл басынан бері көпбалалы аналарға 153,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Жыл басынан бері көпбалалы аналарға 153,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Жыл басынан бері көпбалалы аналарға 153,3 млрд теңге жәрдемақы төленді
ашық дереккөзі
148
2020 жылғы қаңтар-тамыз аралығында жалпы сомасы 153,3 млрд теңгеге 390 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыз айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 19,7 млрд теңгеге 394,1 мың отбасы алған. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған. Осылайша, жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етілді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 13 мамырда қол қойды. 8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 – 111 120 теңге, 11 - 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 - 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге төленеді. Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, осыған байланысты 8 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері тағайындалған кезден бастап қайта есептелді. Сонымен, ағымдағы жылдың шілде айында аталған отбасылар жаңа мөлшерде жәрдемақыны, сондай-ақ қаңтар-маусым айларында қалыптасқан айырманы алды. Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд теңге қарастырылған. Еске сала кетейік, Қазақстандағы көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.  

Серіктес жаңалықтары