649
Еліміздегі 25 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды
Еліміздегі 25 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды
Білім және ғылым министрлігі білім беру жүйесінде көптеген олқылықтары бар 25 жоғарғы оқу орнының 60 лицензиясын кері қайтарып алды.
"Мемлекет басшысының жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында білім және ғылым министрлігі тиісті шараларды қабылдап жатыр. Министрліктің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды дайындау бағыттары бойынша лицензияларға 60 қосымшасын қайтарып алды", – деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.Лицензиясы қайтарылған жоғары оқу орындары көбінесе "педагогикалық ғылымдар", "өнер", "гуманитарлық ғылымдар", "жаратылыстану ғылымдары", "техника ғылымдары", "қызмет көрсету" және "әлеуметтік жұмыс", "әлеуметтік ғылымдар" бағыты бойынша мамандар даярлайды.