Түркия, Англия, Нигериядағы қандастардың қатысуымен онлайн басқосу өтті

Түркия, Англия, Нигериядағы қандастардың қатысуымен онлайн басқосу өтті

Түркия, Англия, Нигериядағы қандастардың қатысуымен онлайн басқосу өтті
ашық дереккөзі
271
Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Түркия, Англия, Польша, Нигерия және Ресей елдеріндегі этникалық қазақтарының қатысуымен «Ұлы Даланың ұлы тілі» атты онлайн бейнеконференция өтті, деп хабарлайды қалалық мәдениет бөлімі. Бейнеконференцияда сөз сөйлеген «Ата-Мекен» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымының жетекшісі Сәрсенғали Құспанов тіл –  ұлттың мақтанышы екенін атап өтті. Сонымен қатар, бейнеконференцияға Түркияның Анкара қаласындағы Gazi Üniversitesi студенті Балауса Балшық, Нигерия мемлекетінің тұрғыны, тіл маманы Абдулл Керим және Польша тұрғыны Лашын Тұрапбаев өздерінің пікірлерін білдірді. Онлайн шарада тіл адамзаттың байлығы, өнер, мәдениет және ғылымда тіл арқылы жоғары жетістіктерге қол жеткізуге болатындығы айтылды. Бейнеконференция барысында «Тіл халық қазынасы» атты көрме, интерактивті тақтада «Тілім – менің өзегім» бейнеролик, Абай мен Ахмет Байтұрсынұлының тілге қатысты айтқан даналық сөздері ұсынылды.  

Серіктес жаңалықтары