COVID-19: Әлемде індет құрбандарының саны 900 мыңнан асты

COVID-19: Әлемде індет құрбандарының саны 900 мыңнан асты

COVID-19: Әлемде індет құрбандарының саны 900 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 900 мыңнан асты. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. Өлім-жітім көрсеткіші жөнінен АҚШ, Бразилия мен Үндістан көш бастап тұр.  АҚШ-та 190 мыңнан астам науқас коронавирустан көз жұмса, Бразилияда індет құрбандарының саны 130 мыңнан асып жығылады. Ал Үндістанда коронавирус 73 мыңнан астам адамның өмірін қиған. Жалпы, пандемия басталғалы әлем бойынша 27 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған. Айта кетейік, елімізде індетке шалдыққандар саны 106 584-ке жетті. Қатерлі вирус жұқтырғандардың 100 мыңнан астамы емделіп шықса, 1634-і қайтыс болды.