«Nur Otan» партиясы көпбалалы отбасыларға мектеп құралдарын табыстады

«Nur Otan» партиясы көпбалалы отбасыларға мектеп құралдарын табыстады

«Nur Otan» партиясы көпбалалы отбасыларға мектеп құралдарын табыстады
ашық дереккөзі

«Мектепке жол» акциясы аясында Республикалық қоғамдық қабылдауында «Nur Otan» партиясының атынан көпбалалы отбасыларға мектеп құралдарын табысталды.

Іс-шараға «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Нәзилә Раззақ қатысты.

 width=

Қазақстанда жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Біз бұл акцияны белсенді түрде қолдаймыз. Бүгін балаларға планшеттер, рюкзактар мен кеңсе тауарларын ұсындық. Бұл жақсы сыйлық қана емес, өмірлік қажеттілік. Біз жағдайы төмен отбасыларды таңдадық. Мысалы, бір отбасында 7 бала бар, олардың біреуі ерекше көмекті қажет етеді, деді Нәзилә Раззақ.

Сондай-ақ, ол қазір партияға көптеген өтініш түсіп жатқанын атап өтті, бұл қоғам тарапынан партияға деген сенімнің артқаны. Өйткені, партия әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғауға мүдделі.

Іс-шара соңында Нәзилә Раззақ ата-аналар мен балаларға жақсы тілегін айта отыра планшеттер, рюкзактар мен кеңсе тауарларын сыйлады. Олар өз кезегінде Елбасы мен «Nur Otan» партиясына алғысын білдірді.