42 500 теңге: 2,3 миллионнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды

42 500 теңге: 2,3 миллионнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды

42 500 теңге: 2,3 миллионнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды
ашық дереккөзі
Карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін 2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21 тамыз сағат 09.00-дегі мәліметі бойынша, шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алуға азаматтардан 2 млн 582 мыңнан астам өтініш келіп түскен. «Төлем мөлшері ең төменгі жалақы көлемі – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 369,5 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 360,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда», – деп хабарлайды министрлік. Жәрдемақы алуға өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 582 мыңнан астам өтінімнің ішінде:
  • 834,6 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
  • 676,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-бот арқылы;
  • 408,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 663,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет-ресурстары арқылы;
  • 0,4 мың адам штаб арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
  • 834,6 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
  • 260,9 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
  • 1 млн 487,3 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн 375,6 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 369,5 мың қазақстандыққа аударылды. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.