312
«Nur Otan» партиясының депутаты амбулаторияны дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті
«Nur Otan» партиясының депутаты амбулаторияны дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті
Коронавирус пандемиясына байланысты осынау қиын шақтарда көмек қолын созып, халқының ыстық ықыласына бөленіп жүрген азаматтар жетерлік.
Осындай азаматтың бірі - Қармақшы ауданындағы "Тұрмағамбет" ЖШС директоры, «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаты Пірмантаев Нұржан Айдарбекұлы.
"Тұрмағамбет" дәрігерлік амбулаториясына дәрі-дәрмектен көмек беруге ниет білдіріп, 1 млн теңге тұратын қажетті дәрі-дәрмектер және медициналық құралдармен қамтамасыз етті.