«Біз біргеміз» акциясы аясында көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді

«Біз біргеміз» акциясы аясында көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді

«Біз біргеміз» акциясы аясында көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
440
Көп балалы отбасылар – қоғам байлығы. Оларға қандай көмек көрсетілсе де артық емес. Өйткені ұрпақ жалғастығы қай ұлт үшін де өте маңызды болып қала бермек. Талас ауданы Тамды ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Күзембаев бүгінде баспанаға мұқтаж көп балалы отбасылардың қатарында. Осы уақытқа дейін ауылға мешіт салдырып, шағын футбол алаңын тарту еткен партия халық игілігі үшін қызмет атқарып отыр. Талас аудандық филиалына қарасты «Тамды» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жұмахан Танкебаев бүгінде көпбалалы Нұрсұлтан Күзембаевтың отбасына баспана салып беруді қолға алды. Қазіргі таңда жер телімін рәсімдеп, құрылыс жұмыстарына қажетті заттармен көмек көрсетіп, игі істі бастап кетті. «Бір қозы дүниеге келсе, бір түп жусан артық шығады» деген бар. Текті жұрттың бар тілегі – ұрпағының амандығы. Бастауыш партия ұйымының төрағасы Ж.Танкебаевтың игі істері де осы ұстанымда.

Серіктес жаңалықтары