386
Бразилияда аза тұту күндері жарияланды
Бразилияда аза тұту күндері жарияланды
Бразилияның Жоғарғы соты коронавирус құрбандарын еске алу үшін аза тұту күндерін жариялады. Шара үш күнге созылады. Бұл туралы соттың сайтында хабарланды.
«Мұндай трагедия біздің тарихымызда бұған дейін болған емес. Аты, кәсібі, жобалары мен армандары бар 100 мың адам фәнимен қоштасты. Олар өзгелердің өмірінде, мына әлемде із қалдырғаны талассыз. Олар – ата-аналарын тастап кете барған ұлдар мен қыздар. Олар – бұл жексенбіде ештеңе тойламайтын ата-аналар», - деп жазды Жоғарғы сот және Ұлттық әділет кеңесінің төрағасы Диас Тоффоли.
9 тамызжа Бразилияда коронавирус құрбандарының саны 100 мыңнан асып жығылды. Пандемия басталғалы елде 100 477 адам індеттен көз жұмды. Тек соңғы тәулікте дерті асқынға 905 адам қайтыс болды. Ал елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 3 миилионнан асты.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны 5 миллионнан асқанын хабарлағанбыз. Эпидемия салдарынан елде барлығы 161 900 адам көз жұмды. Соңғы аптада әр тәулік сайын шамамен 1000 адам көз жұмуда.