Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды

Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды

Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
255
Қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарлады. Қаланың онлайн-активінде елорда әкімі Алтай Көлгінов А.Қайсағалиевке үлестік құрылыс мәселелерін шешуге бағытталған жұмысы, су тасқынына қарсы іс-шараларды табысты өткізгені, «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» мастер-жоспары қағидаты бойынша қоғамдық кеңістіктер мен аулаішілік аумақтарды дамытып, басқа да бірқатар маңызды міндеттерді табысты орындағаны үшін алғыс білдірді. Президент Әкімшілігімен келісе отырып әкімнің орынбасары қызметіне 47 жасар Нұрлан Солтамбеков тағайындалды. Ол 20 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Мамандығы — инженер-құрылысшы. Еңбек жолын ағаш ұстасы цехының шеберінен бастады. Әр жылдар бойы бірқатар басқармаларда түрлі позицияларда еңбек етті. 5 жыл бойы елорданың коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Соңғы жылдары «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасын»,«отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасын» басқарды. Меритократия қағидатына сәйкес бас маманнан қала басшысының орынбасарына дейін қызмет атқарған. Елорда әкімі жаңа орынбасарының алдына бірқатар міндет қойды.  

Серіктес жаңалықтары