322
Партия 328 жұмысшының мәселесін шешті
Партия 328 жұмысшының мәселесін шешті
«Nur Otan» партиясына «АГМ-Табыс» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының жұмысшылары Төтенше жағдай кезінде екі ай бойы үйде жұмыссыз отырғандарын және қазіргі күшейтілген карантин режимінде еңбекақысы сақталмайтын демалысқа кетуге мәжбүр болғандарын айтып шағымданды.
Вагон жетіспеушілігі әсіресе жаз мезгілінде қатты сезіледі, ал вагондардың Темір жол вокзалы мен «АГМ-табыс» ЖШС Қызылорда облыстық филиалы территориясында тоқтап тұрып қалуы темір жол билетін сатып алушылар арасында түсініспеушілік тудырды.
Партияның қызылорда облыстық филиалының ықпалымен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – Қызылорда бөлімшесі» өкілдері мен жергілікті атқарушы мекемелердің кездесуі ұйымдастырылды. Нәтижесінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – Қызылорда бөлімшесі» басшылығы жергілікті депоға вагондарды жіберу және беруді қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Жұмысшылар өз жұмыс орындарына оралды.
Өз кезегінде «АГМ-Табыс» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының жұмысшылары партияның облыстық филиалы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» «АҚ өкілдері мен жергілікті органдарға алғысын қолдау мен түсіністік танықтанына лағыс білдірді.