Ел мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды

Ел мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды

Ел мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды
ашық дереккөзі
203
Биыл Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.  «Алла қаласа, биылғы Құрбан Айт мерекесі Ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», - деді Бас мүфти. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров Құрбан айтта құрбандық малын қашықтан тапсырыс беру арқылы шалуға болатынын айтқан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен іске қосылған Qurban2020.muftyat.kz сайты арқылы қазақстандықтардың ешқайда бармай-ақ, құрбандық шалуға онлайн тапсырыс беруге мүмкіндігі бар.  

Серіктес жаңалықтары