515
Шорнақтағы жанжал: Учаскелік инспектор мен үш тұрғын жарақат алды
Шорнақтағы жанжал: Учаскелік инспектор мен үш тұрғын жарақат алды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында туындаған тұрмыстық жанжалға қатысты мән-жайды баяндады.
«Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, салдарынан бір учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алды. Оқиға орнына дереу жеткен полиция учаскелік инспекторы жарақат алғанына қарамастан заңбұзушылықтың жолын кесті. Жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысқан 4 азамат анықталып, ұсталды», - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу басталған.
«Бірақ арандатушылар әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпарат таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Бұл үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін. Ауылдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері өз жұмысын күшейтті. Қазір жағдай тұрақты», - деді ол.