Дәурен Абаев: Мемлекеттік қызмет үздік білімі мен тәжірибесі бар мамандар үшін тартымды болуы керек

Дәурен Абаев: Мемлекеттік қызмет үздік білімі мен тәжірибесі бар мамандар үшін тартымды болуы керек

Дәурен Абаев: Мемлекеттік қызмет үздік білімі мен тәжірибесі бар мамандар үшін тартымды болуы керек
ашық дереккөзі
200
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында коронавирусқа қатысты азаматтардан түскен сұрақтарға жауап берді. «Мемлекет адамдарды үйде отыруға қалай мәжбүрлейді? Айыппұл мен қорқытудан басқа қандай тетік бар? Мен қорқыныш жақсы мотиватор деп санамаймын. Қалай болғанда да, ол ұзақ жұмыс істемейді. Өйткені бұл саналылық пен тәртіп, айналадағылар үшін жауапкершілік мәселесі, мүмкін, бұл ішінара білім беру мен мәдениет мәселесі. Кең таралған пікірге қарамастан, көптеген азамат іс жүзінде қажетті талаптарды орындайды, көпшілігі маска тағып, қашықтық пен гигиена нормаларын сақтайды. Егер бұл болмаса, жұқтыру ауқымы әлдеқайда көп болар еді, – дейді Дәурен Абаев. Сонымен қатар Дәурен Абаев  коронавирустың өршуі тек Денсаулық сақтау саласының кәнісінен емес екенін де айтты.
«Қалай да болсын өмір сүру керек. Дүкенге, жұмысқа бару қажет. Көптеген адамға осылай жұғып жатыр. Президент идеологиялық аппаратқа батылдық пен креативтілік жетіспейтінін айтты. Шынында да, қазір болып жатқан жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің ғана проблемасы емес. Ақаулар басқарудың барлық тұтқаларын қамтыды, соның ішінде идеология да бар. Тәртіптер мен ұсынымдарды сақтамайтын көп адам чиптеу мен тікұшақтан вирус шашу сынды абсурд оқиғаларға сенеді. Бұл – қоғамдық сана мәселелері», – дейді бірінші орынбасар.
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары азаматтардың қайырымдылық жасау әрекетіне оң баға беріп, бұны қоғамдық жұмылу деп атады.
«Қазір көптеген адам, еріктілер, меценаттар, еріктілер ауруханаларға ақша, дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтарды жинау үшін түрлі акцияларды жүргізіп жатыр. Бұл – қоғамдық тұрғыда жұмылу. Еріктілер бүкіл әлем бойынша бірігіп, ауруханаларға, науқастарға, осал адамдарға көмек көрсетуде. Біз, әрине, кез-келген еріктіге, әрбір кәсіпкер мен меценатқа, шетте қалмаған әрбір қамқор азаматқа шын жүректен ризамыз. Бұл өте мейірімді адамдар. Маған сеніңіз, олар бұны билікті сөгу үшін жасамайды. Мұнымен мониторда не болып жатқанын бақылап отырған желі жауынгерлері айналысуда», – дейді Дәурен Абаев. Дәурен Абаев мемлекеттік басқаруды жүйелі түрде қайта қайта қарау керектігіне де тоқталған. «Бүгінгі таңда мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде қауіптің ауқымы елеусіз қалғаны туралы нақты түсінік және жауапкершілікті толық түсіну жағы бар. Мұның бәрінен, әрине, қажетті қорытынды жасалады. Қорытынды туралы айтқан кезде мен әкімдер мен министрлер деңгейіндегі адамдарды отставкаға кетіру туралы айтып отырған жоқпын. Әңгіменің өзегі басқада: мемлекеттік басқаруды жүйелі түрде қайта құру туралы айтып отырмыз. Президент бұл мәселені қазір мұқият зерттеп жатыр. Мемлекеттік аппаратқа әдеттен тыс функциялардан арылып, оларды жеке меншікке, азаматтық қоғамға беру керек. Мемлекеттік қызмет үздік білімі мен тәжірибесі бар мықты мамандар үшін тартымды болуы керек», – дейді Дәурен Абаев.  

Серіктес жаңалықтары