Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы Jas Otan жастар қанаты республикалық «Дәрігерлерге алғыс» акциясына бір кісідей қолдау білдіріп, Өскемен қаласының 19 тұрғын ауданында орналасқан «Ана мен бала орталығына» барды. Бұл жерде қауіпті вирусты жұқтырған науқастарды емдеу орталығы орналасқан.


300-ге дейін азық-түлік пакеті тапсырылмақ
Алмас Еренұлының айтуынша, қазір Өскемен қаласында 92 дәрігер мен 153 мейірбике індет жұқтырған тұрғындарды емдеп шығаруға күш салып жатыр. Алдағы уақытта ақ желеңді абзал жандарға 300-ге дейін азық-түлік пакетін дайындап, табыстау жоспарланған. Мұнан соң жасотандық жастар мен еріктілер мінген арнайы автобус қаланың 19 тұрғын ауданында орналасқан «Ана мен бала орталығының» былтыр іске қосылған жаңа ғимаратын бетке алды. Бұл жерде оларды кезекті ауысымнан шыққан жиырмадан астам дәрігерлер мен медбикелер тиісті арақашықтықты сақтай отырып қарсы алды. – Құрметті, дәрігерлер! Бүгін республикалық акцияға үн қосып, адамдардың өмірін сақтап қалу жолында еңбек етіп жатқан Сіздерге алғысымызды айту үшін әдейілеп келіп тұрмыз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Ең бастысы, өздеріңіз де аман-сау болыңыздар. Тезірек бұрынғы қалпымызға оралайық, – деді Алмас Айтмұқашев. – Бүгін жұмысымызға келіп, жылы сөздерімен қолдау білдіріп, азық-түлік пакеттерін сыйлап жатқан партияның жастарына ұжым атынан үлкен рахмет айтамын. Тек азық-түлік емес, сонымен қатар алқызыл раушан гүлдерін де ала келіпті. Көңіліміз көтеріліп қалды. Қазіргі қиын жағдайды жеңіп шығуға бар күшімізді саламыз, – дейді инфекциялық орталықтағы аға мейірбике Қазима Рахметова. Байқағанымыздай, елімізге тараған қауіпті індетпен күрестің алғы шебінде жүргендер арасында жас дәрігерлер де өте көп екен.



Көкпекті ауданы
Сонымен қатар бүгін Шығыстың бірқатар аудандарында дәрі-дәрмектердің бар-жоғына және бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр.
Алтай ауданы
Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысовтың бастамасымен, аудан кәсіпкерлерінің белсенді қолдауымен жұқпалы аурулар ауруханасында және провизорлық бөлімде пациенттерді қосымша тамақтандыру үшін тамақтандыру блогына азық-түлік жеткізілді. Оның ішінде дертке шипалы қымыз, жеміс-жидек те мол.