259
Қандастарға жүйелі қолдау
Қандастарға жүйелі қолдау
2019 жылғы 11 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков әлемдегі қазақтарды тарихи Отаны төңірегіне ұйыстыруға қолдау көрсету, атажұрттан тыс жерде, басқа елде туып-өсіп, елге оралған қандастарымызға көмек қолын созу мақсатында үшжақты меморандумға қол қойған болатын.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайларының бірінде: «Шетелдегі қазақтардың елге жиі келіп, туған жерімен байланысын нығайтып отырғаны дұрыс. Қай елде тұрсаңыздар да, әрдайым Қазақстанды жүректеріңіздің төрінде ұстаңыздар. Қазақтың тарихи Отаны біреу-ақ. Ол – Қазақстан», – деген еді. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шетелдердегі және Қазақстанға келген этникалық қазақтарды қолдауға бағытталған еліміздің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру жұмыстарына атсалысуға партияның әрқашан әзір екенін және еліміз тәуелсіздік алғалы бері тарихи Отанына бір миллионнан астам қазақ қайтып оралғанын, соның арқасында ұлтымыздың демографиялық жағдайы қандастарымыздың үлесі есебінен жақсарғаны туралы айтқан еді.
Қандастарға көрсетілетін қолдаудың сапасын арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы, «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы арасында жасалған үшжақты ынтымақтастық туралы меморандум аясында ақпараттық жүйелерді, алгоритмдерді, бизнес-процестерді интеграциялау, өтініштерді қарау және мониторингілеу, сонымен қатар партияның аймақтық филиалдарының базасында қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қандастармен жұмыс істеу бойынша партияның қызметкерлерін оқыту семинарлары өткізілді. Соның негізінде партияның қоғамдық қабылдау бөлімдерінде қандастардың түйткілді мәселесін шешуге атсалысуды қолға алды.
Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде «Nur Otan» партиясының аймақтық және аудандық бөлімдеріне қандастарға көрсетілетін қолдау мониторингін жүргізу қажеттілігі анықталды. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясының аймақтық және аудандық қоғамдық қабылдау бөлмелері тоқсан сайын қандастарға ұсынылған ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ меморандум аясында 2020 жылы партия тарапынан бірнеше рет топтық тренингтерді өткізу мүмкіндігі үшін компьютерлік техникамен жабдықталған конференц-залдар, митинг-румдар, конференц-бөлмелер ұсынылды.
Мәдени-гуманитарлық байланыс
«Шетелде тұратын қазақ диаспорасымен мәдени-гуманитарлық байланыстарды қамтамасыз ету бағытында іс-шаралар өткізу» мемлекет тапсырмасының шеңберінде мәдени-гуманитарлық жобалар департаменті 2020 жылғы 1-15 ақпан аралығында ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, хакім Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған алыс және жақын шетелдердің этникалық қазақ балалары арасында «Ана тілім –ардағым» деген халықаралық шығармашылық байқау өткізді. Байқауға Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Беларусь елдерінен барлығы 32 қандас қатысты. Байқау жеңімпаздары Қазақстанға «Туған елге саяхат» туристік пойызы, «Балдәурен» балалар лагері (Бурабай курорты) және НЗМ лагері (Нұр-Сұлтан қаласы) жобаларға қатысуға шақырылады. Қазіргі уақытта әлемге жайылған коронавирус індетінің таралуы және карантин тәртібіне байланысты кейбір жұмыстар кейінге шегерілуге мәжбүр. Алайда шетелдегі қазақ диаспорасы және елдегі қандастармен байланыс үзілген жоқ. «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы онлайн форматта жұмыс атқаруда.«Отандастар қоры»
КеАҚ баспасөз қызметі