Өзбекстандық БАҚ-тың дерегінше, мұндай орталық құруды Ташкент басшысы Жахонгир Артыкхожаев ұсынған. Жақында ғана ол мемлекет басшысынан қаладағы коронавируспен күресті дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін сөгіс естіген.
Айта кетейік, бұған дейін Ташкенттегі 16 медициналық мекеме толып қалғаны хабарланған болатын. Ташкент облысы Зәңгіата ауданындағы жаңа стационарда да санаулы орын қалған.
Пандемия басталғалы Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 16,6 мыңнан асты. Індеттен 85 адам көз жұмды.